Алдаспандай жарқылдаған сайыпқыран

Қазақстанның халық жазушысы Ш.Мұртазаның туғанына – 90 жыл. Осыған орай, кітапхана оқу залында «Алдаспандай жарқылдаған сайыпқыран» атты дөңгелек үстел өтті. Шара «Шерхан Мұртаза» атты арнайы бейнеролик көрсетілімен басталды. Үстел басында жазушының өмірі мен шығармашылығы талқыланып, қатысушылар Ш. Мұртазаның әйгілі «Қызыл жебе», «Ай мен Айша» романы жайлы өз ойларын ортаға салып, жазушының шығармашылығына ерекше қызығушылықтарын танытты. Кеш қонақтары: ақын – Д.Танабай, Жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру орталығының «Жас ақындар» клубының жетекшісі – М. Мұхтарқызы, тарих ғылымдарының кандидаты – М.Арман, М.Әуезов атындағы ОҚУ оқытушысы – А.Қоныспаева автор туралы тарихи естеліктерімен бөлісіп қызықты әңгіме өрбітті. Дәстүрлі әнші А.Жұмабекова өзінің дайындап келген әндерінен тарту етті. Дөңгелек үстелді кітапхана директоры Р.Бабажанова қорытындылады.

«Артқа