Аналарға мың тағзым, көркі болған ғаламның

Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай «Аналарға мың тағзым, көркі болған ғаламның» жыр-мүшәйрасы өтті. Мерекелік шара «Жеңіл өнеркәсіп және сервис» колледжінің студенттері арасында өткізілді. Қатысушы арулар «Тұмар», «Сәукеле» коллекциясынан арнайы тігілген киім үлгілерінен дефиле ұсынылып, аяулы аналар мен ару қыздарға арналып өлеңдер оқылды. «Көненің көзі» тақырыбында викториналық сұрақтарға жауап беріліп, өнерімен ерекшеленген аруларымыз арнайы марапатқа ие болды.

«Артқа