Ана тілім, арым бұл…

5 қыркүйек – Қазақстан халықтары тілдері күніне орай «Арбат» демалыс аймағында Шымкент қаласының Тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының бастамасымен, қалалық кітапханалар бірлесіп Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын атап өтті. «40 мысал, 40 мақал» көшпелі әдеби тіл керуені ұйымдастырды. Аталған іс-шараға жасөспірімдер кітапханасы «Ана тілім, арым бұл…» тақырыбында кітап көрмесін жасақтап, қала тұрғындары үшін шолу жасады. Көрме алдында М.Әуезов атындағы ОҚУ-ті, «Театр және эстрадалық шығармашылық» кафедрасының магистр оқытушысы Аққу Қоныспаеваның жетекшілігімен МС-22-6к3 тобының студенттері композициямен өлең оқыды. МС-22-6к2 тобының студенті Хамит Айдана өзінің төл туындысын орындады. Студенттер «Tiltime» іс-шарасына да белсене қатысып викториналық сұрақтарға жауап беріп, арнайы сыйлықтармен марапатталды.

«Артқа