Ана-әлем, Ана-бақыт, Ана-жыр

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын орындау мақсатында Халықаралық әйелдер күніне орай «Ана-әлем, Ана-бақыт, Ана-жыр» тақырыбында жыр кеші №8 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында өтті. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды поэзия әлеміне терең бойлатып, кітап оқуға құштарлығын арттыру, жыр әлемінің құдіретін таныту мақсатында өткен жыр кешіне жас ақын, әншілер Б.Қадыров, А.Мұраталиева, С.Қалиев, А.Досқара қатысты. Кеш қонақтары мен кітапханашы Т.Имантаева бір қолымен бесікті тербетіп, бір қолымен әлемді тербеткен Аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрметін жыр оқып, әсем ән арқылы жеткізді.

«Артқа