Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе

Ұлы ақын, композитор, философ, саясаткер, ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе» поэзия сағаты өткізілді. Кітапханашылар, «Сырлы сөз» әдеби үйірме мүшелері, «Жас өркен» шығармашыл жастар клубының мүшелері, кітапхананың белсенді оқырмандары Абай Құнанбайұлының лирикалық туындыларынан бейнепоэзия ұсынылды. «Сегіз аяқ», «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», «Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?» т.б. өлеңдерін және орыс ақындары А.Пушкин, М.Лермонтов, И.Крыловтан аудармаларын оқыды. Сондай ақ, іргелі еңбектерінің бірі әрі бірегейі қара сөздерін нақышына келтіре Facebok оқырмандарына ұсынды.

«Артқа