Ата-ана. Бала. Кітап.

Ата-аналардың баласына уақыт бөліп, кітап оқып беріп, оқуға қызығушылығын ояту. Кітапты ата-анасымен бірге оқу арқылы, отбасылық оқуды дәстүрге айналдыруға бағыттау мақсатында «2021 жыл – Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы» бойынша, Қазақстандағы отбасы күніне орай «Ата-ана. Бала. Кітап.» тақырыбында виртуалды көрме ұйымдастырылды.

2013 жылы Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер» туралы Жарлыққа өзгеріс енгізіп, қыркүйектің екінші жексенбісін Отбасы күні деп белгілеген болатын. Мерекеге орай «Ата-ана. Бала. Кітап.» виртуалды көрмесі ұсынылды. Көрмеге «Отбасы хрестоматиясы», «Qazaqsha 100 bestseller» сериясымен жарық көрген кітаптар, балаларға арналған көркем әдебиеттер таныстырылды.

«Артқа