Аударма – тілдің алтын көпірі

«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында ҚР Тәуелсіздігінің мерейтойына арналған «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» атты рухани-мәдени акцияның аударма бөліміне арналған «Аударма – тілдің алтын көпірі» атты қорытынды кеші өтті. Кеш қонақтары 1920-1926 жылдар аралығында шыққан «Алаш» қайраткерлерінің «Ақжол» газетін төте араб әліпбиінен қазақшаға транскрипциялап, 25 томдық кітап етіп шығаруға етене атсалысқан М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің оқытушысы Ғалым Қасымханұлы мен араб тілінің маманы Үсен Жанбайұлы қатысты. Іс-шара Шымкент қалалық оқушылар сарайының «Балдәурен» тобының орындауында «Бүгін мереке», «Атамекен» атты патриоттық әндермен басталды. «Парасат» колледжінің студенттері Агата Кристидің «Ғайып болған миллион» кітабындағы «Мінсіз періште» әңгімесінен сахналық көрініс қойып, шығарманың мазмұнын ашты. Ал, А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейі, В.Терешкова атындағы №31 ЖОМ оқушылары таңдалған кітаптар жайлы әдеби талқылауға қатысып, өз ойларын ортаға салды. Іс-шараны кітапхана директоры Раушан Бабажанқызы қорытындылап, белсене қатысқан оқырмандарға Алғыс хаттар табыстады.

«Артқа