Балалар қолымен…

«Жазғы оқу бағдарламасы» аясында кітапханалық лагерь өз жұмысын жалғастырды. Балаларға жеміс – жидектің пайдасы туралы түсінік беру, олардың алуан түрлілігі туралы ұғымдарын дамыту, балаларды жүйелі ойлап, жүйелі жауап беруге дағдыландыру мақсатында «Балалар қолымен…» тақырыбында шеберлік сағатын өткізді. Кітапхана қызметкерлері балаларға пайдалы дәрумендерге бай жеміс салаты мен піскен жұмыртқадан түрлі фигуралар жасатып үйретті. Аталмыш тақырыпқа қатысты кітаптармен таныстырып, жұмбақтар жасырылып, түсінік берілді. Балалар өз қолдарымен, өз еңбектерімен жасаған салаттарын жеп, жақсы көңіл-күйде қайтты.

«Артқа