Балалар қолымен…

«Балалар қолымен…». Бұл күн балаларға еркін демалыс сыйлау күні болды, яғни бала еркіндігіне шектеу қойылмай залдан бөлінген үш аудиторияда өз жүректері қалаған іспен айналысты. Қол саусақтарының кіші моторикасын дамыту, адам еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелеу мақсатында балаларға түсті қағаздан қауіпсіздік техника ережелерін сақтай отырып, «салем хат» конвертін жасаудан мастер класс өткізілді. Шашка-шахматқа әуес балалар үшін ұйымдастырылған шахмат бұрышы да өз ойыншыларын тапты.Төсеніш бетіне еркін жатып-отырып құмарта ойнаған фишка ойыны да бала көңілін бір сергітіп тастады. Өнерлері бар балаларөз өнерлерін ортаға салып, сыйлықтарға ие болды. Кітапхана ұжымы жеміс-жидектер мен тәттілер қойылған дастарханнан балаларға дәм татқызып, жақсы көңіл-күй сыйлады.

«Артқа