Балалар әдебиеті

«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай таңдалған «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы бойынша «Балалар әдебиеті» пікіралмасу кеші өтті.

Іс-шараға №10 мектептің 8 сынып оқушылары (орыс сыныбы) қатысты. Кітапханашы А.Аширова «Балалар әдебиеті» бағытында таңдалған Ыбырай Алтынсариннің «Өнер-білім бар жұрттар», Бердібек Соқпақбаевтың «Жекпе-жек», Марат Қабанбаевтың «Жиһангез Тити», Толымбек Абдырайымның «Алабұға аулаған күн», Зира Наурызбаеваның Лиля Калаустың «Алтын тостағанды іздеу», Мәди Айымбетовтің «Бар болғаны он төрт жас» кітаптары бойынша тың мағлұматтармен ақпараттандырды.

«Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» кітап көрмесінде поэзия, проза, драматургия, балалар әдебиеті және аударма саласындағы авторлардың 30 ең үздік жұмыстары, сондай-ақ осы авторлардың әр жылдары жарық көрген кітаптары таныстырылды.

Оқушылар Бердібек Соқпақбаевтың «Жекпе-жек» – «Чемпион» повесін орыс тілінде оқып, талқылауға белсене атсалысты. Жазушының шығармашылығы бойынша дайындалған бейнероликті, «Жекпе-жек» повесінің сюжеті бойынша түсірілген көркем фильмді тамашалады. Қазақ балалар әдебиетінде шоқтығы биік қаламгердің өмірі мен шығармашылығы, атаулы кітаптың тарихы, өркендеу бағыты бойынша сұрақтар қойылып, мол мағлұматтарға қанықты.

«Артқа