Балалар – өмір шуағы

1-маусым – Балаларды қорғау күні мен Балалар жылы аясында кітапхана ұжымы «ShymQala» этноауылында «Балалар – өмір шуағы» тақырыбында және «Кең баба» саябағында «Менің сүйікті кейіпкерім» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, балаларға әлем елдерінің кітаптары мен балалар әдебиетінің атасы Ы.Алтынсариннің, Б.Соқпақбаев, М.Қабанбай. Ә.Дүйсенбиевтің т.б., орыс жазушысы Н.К.Чуковскийдің, А.П.Гайдардың, шетел балалар жазушыларының балаларға арналған кітаптар топтамасы мен балалардың ой – өрісін кеңейтетін танымдық кітаптар, шытырман оқиғалар, ертегілер әлемінен сыр шерткен қызықты оқиғалар баяндалған кітаптар ұсынылып,таныстырылды. Сондай-ақ, Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрымен бірлесе ұйымдастырылған әдемі сахналық ертегі қойылымдары мерекенің ажарын кіргізіп, көрермендер мен бүлдіршіндерге мерекелік көңіл-күй сыйлады. Бұл күні балаларға арналған қимыл-қозғалыс ойындары ойнатылып, ән айтып, би биледі, түрлі конкурстар өткізілді. Тегін балмұздақ тарату балалардың есінде ерекше қалды.

«Артқа