Балаға жүрек жылуы: Қош келдің, Білім күні

Кітапханамыздың құрылғанына 45 жыл: Қызмет пен Құрмет жобасы аясында 1 қыркүйек – Білім күніне орай «Балаға жүрек жылуы: Қош келдің, Білім күні» қайырымдылық акциясы рухы мықты, білімді ұрпақтардың өсіп өнуіне жанашырлық көрсете білген оқырман, кәсіпкер демеушілеріміз Қалабай Нұрғали Бөгенбайұлы, Сенкібаев Бауыржан Кемелбекұлының қолдауымен ұйымдастырылды.

Шара барысында кеш қонақтары ҚР Қорғаныс және Қарулы Күштерінің құрметті ардагері, ҚР Қарулы күштерінің ардагерлері» РҚБ Шымкент филиалының төрағасы, полковник Серікбай Оңбаев, «Желтоқсан ақиқаты» ардагерлері Республикалық Қоғамдық Бірлестігі Шымкент филиалы төрағасы Оспанова Гүлмира Болатқызы. «Желтоқсан ақиқаты» ардагерлері Республикалық Қоғамдық Бірлестігі Шымкент филиалы төрағасының орынбасары Бекбутаев Нұржан Өктемұлы мерекемен құттықтап, ыстық лебіздерін білдірді. Іс – шараға №136 орта мектебі, Әл-Фараби мектебі, №83 мектеп, №90 мектеп, Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп, №77 А.Асқаров атындағы мектептің оқушылары қатысып өз өнерлерін көрсетіп көпшіліктің ықыласына бөленді.

«Артқа