Бақытжан Алдияр

Көптеген халықаралық, республикалық мүшәйралардың жүлдегері, республикалық М.Ғабдуллин атындағы сыйлықтың және республикалық «Серпер» жастар сыйлығының иегері, ақын Бақытжан Алдияр оқырмандармен онлайн жүздесті. Қаламгер өз өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімеледі. Тікелей эфир барысында берілген сұрақтарға жауап берді.

Сұхбат соңында сыршыл ақын мөлдір бұлақ сияқты ғажап лирикалық өлеңдері, Қазығұрт тауы сияқты рухты өлеңдерін оқыды. Көрермендер жағымды пікірлер білдіріп, шығармашылығына табыс тіледі. Мазмұнды әңгіме үшін алғыстарын жаудырды.

«Артқа