Бесік жыры – басты жыр

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы, «Ақылды қала – ақылды ұлт үшін» тұжырымдамасы аясында «Бесік жыры – басты жыр» атты онлайн жас аналар байқауы өтті. Байқаудың ережесі алдын-ала Facebook желісінде жарияланды. 20 желтоқсан күні үміткерлердің жұмыстары сараланып, жеңімпаздар анықталды.

Байқауға қатысушылар: І кезең – «Туғанда дүние есігін ашады өлең…» – бесік жырын орындау, ІІ кезең -«Ертегілер еліне саяхат» – балаларға ертегі айту, ІІІ кезең – «Ұлы Дала даналығы» – қос ғұлама Әл-Фараби мен Абай Құнанбайұлының туындыларын мәнерлеп оқып сайысты.

Қазылар алқасы: Бал – Текстиль» кілем фабрикасының директорының көмекшісі Орынбаева Мухаббат; «Наурыз Пластик» ойыншықтар фабрикасының директоры Байтемирова Рабиға; М.Әуезов атындағы ОҚМУ магистр – оқытушысы Қоныспаева Аққу жеңімпаздарды анықтады.

Байқауға «Бал-Текстиль» кілемдер фабрикасының директоры Талғат Ысқақов, «Наурыз-Пластик» ойыншықтар фирмасының директоры Рабиға Байтемирова демеушілік жасап, өз өнімдерін сыйға тартты.

Қазылар шешімен С.Лепес – бас жүлде; С.Сәрсенова – І орын , Т.Қуанышева – ІІ орын, Ұ.Зетбек – ІІІ орын иеленді. Ал, А.Бимурзаева, Г.Мұса ынталандыру сыйлығына ие болды.

Байқау демеушілері «Бал-Текстиль» кілемдер фабрикасының директоры талғат Ысқақов, «Наурыз-Пластик» ойыншық зауытының директоры Рабиға Байтемирова барлық қатысушыларға өз өнімдерін сыйлады.

Кітапхана директоры Закира Парымбекова ұлттық мәдениетіміз бен әдебиетімізді насихаттауға үлес қосқан жас аналарға, қонақтарға, демеушілерге, қатысушыларға алғысын білдірді. Диплом, Алғыс хатпен марапаттады.

«Артқа