Бесік жыры, басты жыр

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында айтылғандай, ұлтымызға тән рухани кодымызды жаңғырту, төл мәдениетіміз бен ұлттық әдебиетімізді, салт-дәстүрімізді өскелең ұрпаққа жеткізу мақсатында «Бесік жыры, басты жыр» жас аналар байқауы өтті.

Жас аналар үш кезең бойынша бақ сынасты.

  1. Сәлемдесу: «Сәлем-сөздің атасы» (Әдеп, салт-дәстүр бойынша сәлем салу және тақырыпқа сай мәтін болу керек);
  2. «Бесік жыры – басты жыр» – буктрейлер;
  3. «Әзіз кітап – бұл ұлылық негізі» – білімділер сайысы (2019 жылы «Бір өлке – бір кітап» облыстық акциясы аясында таңдалған Жыл кітаптарын оқу:
  • жазушы Қарауылбек Қазиевтің «Иманжапырақ» кітабы;
  • ақын Нармахан Бегалыұлының «Жаз-жалбыз» кітабы;
  • айтыскер ақын Біржан Байтуовтың «Бізден де өтер жиырма бес…» кітабы.

Тәрбиенің бастауы Бесік жыры байқауын жазушы-драматург Мархабат Байғұт ашып сәттілік тіледі. Ал, «Ақ білек» әжелер ансамблі халық әнімен, арнайы шашуларымен көрік берді. «Жас өркен» клубының белсенділері ұйымдастырған сахналық қойылым «Ана мен сәби биі», сырлы-сазды әндер көрермендерді ерекше баурап алды.

Қазылар алқасы Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің жанындағы Әжелер алқасының төрайымы Құрманбекова Шарапат; Ақын, ҚР Жазушылар одағының мүшесі Тіленшина Баян; М.Әуезов атындағы ОҚМУ магистр оқытушысы Қоныспаева Аққу байқауды саралап, жеңімпаздарды анықтады.

Бас жүлде Аягөз Қамытбекке (Ақпан батыр атындағы №10 жалпы орта мектептің ұстазы), І орын Шолпан Аязбаеваға («Қазақстан – Шымкент» ТА тілшісі), ІІ орын Гулайхан Алменкуловаға (№97 жалпы орта мектептің ұстазы), ІІІ орын Ақсауле Абдалихановаға (үй бикесі) берілді. Ал, Маншүк Абирова (№95 бала-бақша тәрбиешісі), Айгерім Қазбекова (№10 жалпы орта мектептің ұстазы) ынталандыру сыйлығына ие болды.

Демеушілер «Бал Текстиль» кілемдер фабрикасының директоры Талғат Ысқақов, «Наурыз Пластик» ойыншықтар фабрикасының директоры Рабиға Байтемирова, жеке кәсіпкер Райхан Исабекқызы жас аналарға өз өнімдерін сыйға тартты. Кітапхана директоры Закира Парымбекова ұлттық мәдениетіміз бен әдебиетімізді насихаттауға үлес қосқан жас аналарға, қонақтарға, демеушілерге, қатысушыларға алғысын білдірді.

«Артқа