Бізге қандай әдебиет керек?

Бүгін кітапханамыздың «Парасат жолы» орталығында ОҚМПУ Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті, филология ғылымының кандидаты Мамыт Амангелді Алтыбайұлымен онлайн-сұхбат өтті. Қоғам мен ұлттық әдебиетіміздегі бүгінгі өзекті мәселелер көтеріліп, ғалым тарапынан сүбелі ойлар, тұшымды жауаптармен өрбіп отырды. Алаш тұлғалары: А.Байтұрсынұлы, М.Әуезов жөнінде тың дерекке толы танымдық мағлұматтар, Халық ауыз әдебиеті саласындағы өзекті мәселелермен бірге «Бізге қандай әдебиет керек?» деген сұрақтар бойынша ой толғаныстарын жеткізіп, ұстаз маман ретінде бүгінгі жасөспірімдер білімі мен тәрбиесі тұрғысында сыни өткір ойларымен бөлісті. Ғалым жастарды Алашшыл рухты, ұлтын сүйетін, әдебиеті мен мәдениетін сүйетін Ұлтжанды азамат болуға шақырып оқырмандарымызға ерекше серпін беріп, кітапхана қорына ғылыми еңбектерін тарту етті.

«Артқа