Бір ел – бір кітап

«Парасат жолы» орталығында ҚР Мәдениет қайраткері, театр режиссері, драматург Сая Қасымбекпен сұхбат өтті.

«Бір ел – бір кітап» акциясы аясында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, жалпыхалықтық оқуға «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» таңдалды. Драматургия жанры бойынша жазушы Сая Қасымбекқызының «Жанталас» пьесалар жинағы енген болатын. «Саяның Жанталасы» атауымен өрбіген сұхбат кешінде Сая Қасымбек шығармашылығы туралы әңгімеледі. Оқырмандар тарапынан қойылған түрлі сұрақтарға жауап беріп, адалдық, ізгілік пен парасаттылық туралы ой-пікірімен бөлісті.

«Артқа