Бір өлке – бір кітап

«Бір өлке – бір кітап» облыстық акциясы аясында оқырмандар конференциясы өтті. Іс-шараға SILKWAY Халықаралық университеті мен «Жеңілөнеркәсіп және сервис», «Мирас» колледжінің студенттері, №28 мектеп оқушылары қатысып, 2019 жылы жыл кітабы болып таңдалған Қ.Қазиевтің «Иманжапырақ», ақын Н.Бегалыұлының «Жаз-жалбыз», айтыскер ақын Б.Байтуовтың «Бізден де өтер жиырма бес…» кітаптары талқыланды. Кітап сүйер оқырман бірі прозадан, ал бірі поэзиядан көркемсөз оқып, көрермендердің әртүрлі мазмұндағы көркем әдебиетті оқуына бағыт-бағдар берілді.

«Артқа