Бұл жер – сенікі және менікі

Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күніне «Бұл жер – сенікі және менікі» тақырыбында экологиялық сабақ өтті. Іс-шараға М.Әуезов атындағы ОҚУ ІІ курс студенттері, «Экология, өлкетану және туризм» орталығының «Жас эколог», «Жас құтқарушы», «Жас зерттеуші», «Экология ландшафтану» үйірмесінің оқушылары қатысты. Оқырмандарға «Қазақстанның табиғаты», «Карантин кезіндегі қоршаған орта» атты бейнефильм көрсетіліп, әлемдік экологиялық проблемаларды жою туралы ақпарат берілді.

«Сырлы сөз» үйірмесінің жетекшісі Аққу Қоныспаева балалармен «Табиғат құбылыстары» ойын-тренинг жүргізді, қоршаған ортаны қорғау мәселе туралы ой-пікірлерімен бөлісті.

«Табиғат – ғажайып әлем, тіршілік нәрі» көркемсуретті кітап көрмесі көркемделіп, библиографиялық шолу жасалды.

«Артқа