Даналық. Батырлық. Рух.

7 мамыр – Отан қорғаушылар мерекесіне орай «Ұранды елдің – ұрпағы қайсар» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, «Даналық. Батырлық. Рух.» атты патриоттық кеші өтті. Кеш қонақтары: ардагер-полковник Ө.Көштенұлы, ҚРПМ Б.Момышұлы атындағы оқу орталығының бастығы, полиция подполковнигі А.Маймақов, 9-шы мамандырылған өрт сөндіру бөлімінің командирі С.Сатымбеков және әнші-сазгер Р.Есенгельдиева болашақ сарбаздарға өз тілек-лебіздерін білдірді. Іс-шара барысында әнші-композитор Р.Есенгельдиева өз авторлық әнін тарту етсе, полиция подполковнигі – А.Маймақов Абай өлеңдерінен үзінді оқып, өзінің жеке кітап қорынан кітапханамызға біршама кітаптарын сыйға тартты. №136 мектеп балалары ұйымдастырып келген ән-би, хорларымен кештің шырайын кіргізіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

«Артқа