Даналық дариясы

Халқының тәуелсіздігін көксеген күрескер, реалист ақын туралы оқырмандарға кеңінен таныстыру мақсатында қоғам қайраткері – Дулат Бабатайұлының 220 жылдығына орай, Ақпан батыр атындағы №10 ЖОББМ-нің 9 сынып оқушыларымен «Даналық дариясы» атты әдеби кеш өтті. Ақынның өмірі мен шығармашылығынан, еңбектерінен жасақталған кітап көрмесіне шолу жасалды. Кеште ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер беріліп, викториналық сұрақтар қойылып, оқушылар Бабатайұлының өмір жолынан мәлімет алып қайтты.

«Артқа