Дара талант – дара кітаптар

Жазушы Сайын Мұратбековтің туғанына 85 жыл толуына орай «Дара талант – дара кітаптар» атты әдеби-брейн-ринг топтық сайысы өтті. Жазушы Сайын Мұратбеков – қазақ көркем әдебиетіндегі қашан да қайталанып оқыла беретін қаламгердің бірегейі. Сайын Мұратбеков прозасы алыстан көрінетін талант. Кеште жазушының «Жусан иісі» әңгімесі жайында әңгіме өрбіп, деректіфильм көрсетілді. Сайысқа Кенесары Қасымұлы атындағы №33 ЖОББМ оқушылары, Р.Мырзашев атындағы №76 негізгі орта мектеп оқушылары қатысты. Сайыс екі кезеңнен тұрды: 1-кезең шығарманы мазмұндау, 2-кезең жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы сұрақтарға жауап беру. Сайыс жеңімпазы «Тәуелсіздік жастары» тобы атанып, алғыс хат пен сыйлықтармен марапатталды.

«Артқа