Дауасыз дерттен сақтан!

1 желтоқсан – Бүкіләлемдік ЖИТС-на қарсы күрес күні. Осыған орай, кітапхана жанынан құрылған «Кел, сырласайық, қыздар!» клубы аясында «Дауасыз дерттен сақтан!» тақырыбында мамандар кеңесі өтті.Шара барысында «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК маманы Д.Құтмамбетова жастарға ЖИТС ауруы туралы мағлұматтар бере отырып, Қыз гигиенасы жайында кеңінен мағлұмат берді. Тазалыққа шақырды, тәрбие мен болашақ ұрпақ мүддесін ойлауды, салауатты өмір салтына тәрбиелеуді ұмытпау керектігін де атап өтті.

«Артқа