Демі бардың – емі бар

Кітапханада медицина саласының ардагері, дәрігер Әнуарбек Маймақов, Шымкент қалалық онкологиялық орталығының директоры, бас дәрігер Жақсылық Мәуленов, қалалық онкологиялық орталығы директорының орынбасары Дәулетбек Жұманұлы, N8 қалалық емхананың дәрігері Айгүл Исаева мен N6 қалалық емханасы бас дәрігерінің орынбасары Дастан Жораев және Шымкент жоғары медициналық колледжі студенттерінің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Отандық медицинаны дамыту мен халықтың денсаулығын жақсарту жолында атқарылып жатқан жұмыстар туралы ауқымды сұхбат өрбіді.

Қонақтар медицинамыздың болашақ мамандарын оқытудың алғышартымен таныстырды. Сонымен қатар, келешекте пайда болуы ықтимал медициналық қызметтердің маңыздылығы талқыланды.

Болашақ медицина мамандары үшін бүгінгі сұқбат танымдық мәні зор тағылымды кездесу болды.

«Артқа