Дүлдүл де жүйрік ақын – Құлыншақ

«Дүлдүл де жүйрік ақын – Құлыншақ» атты жыр кеші Құлыншақ Кемелұлының туғанына 190 жыл толуына арналды. Жыр кешіне №8 әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының емделушілері, медицина қызметкерлері қатысты. Кітапханашы Т.Имантаева дүлдүл ақынның өмірі мен шығармашылығынан мағлұмат беріп, белсенді оқырмандар Е.Қалымбетов, А.Досов жырларын оқыды, Шымкент Саз колледжінің студенттері дәстүрлі әндер орындады. Орталық емделушілерімен Құлыншақтың шығармашылығы туралы әдеби викторина ойнатылып, танымдық ой-өрісін дамытуда мол ақпаратқа қанықты.

«Артқа