Елдігімнің айғағы мен айбыны

Жаңа тарихымыздағы ерекше маңызды оқиғалардың бірі – ҚР-ның Мемлекеттік рәміздер күнінің белгіленуі. 2 маусым Мемлекеттік рәміздерінің 30 жыл толуына орай «Елдігімнің айғағы мен айбыны» тақырыбында ҚР Ұлттық ұланы 6698 әскери бөлімінде тарихи танымдық кеш өткізілді. Іс-шара мемлекетіміздің әнұранымен бастау алып, мемлекеттік рәміздерге байланысты зияткерлік ойыны арқылы жүргізілді. Сонымен қатар, «Рәміздер – ел рухы» тақырыбында кітап көрмесі жасақталып, мемлекетіміздің Ту, Елтаңба, Әнұран туралы мағлұматтар әскери бөлімнің офицерлерімен сарбаздары арасында кеңінен насихатталды.

«Артқа