Елін қорғау – ерге серт

«Елін қорғау – ерге серт» ерлік сабағында ел қорғаны Қазақстан әскерінің тарихы, қазақ сарбаздары, қазіргі кездегі әскер өмірі туралы мағлұмат берілді. «Экология, өлкетану және туризм» орталығының оқушылары Ә.Мұрат, Ұ.Нуриддин, І.Жұмаділда, М.Жұмаділда, Н.Сүлеймен, А.Ерғалиұлы, «Ақ желкен» үйірмесінің мүшелері бейбіт өмір батырларына арналған «Текті елімнің қайсар рухты ұрпақтары» атты әдеби композиция ұсынды, тарихи викторина мен топтық мақал-мәтел сайысына белсене қатысты. Кітапханашы Райхан Сейдалиева кітап көрмеге шолу жасады.

«Артқа