Ел мерейі – Елорда

6 шілде – Елорда күні. Мемлекетіміздің символы, асқақ абыройымыздың айғағы болған Елордамыздың мерейлі күніне орай кітапханамыздың оқу залында «Ел мерейі – Елорда» тақырыбында мерекелік кеш өткізілді. Іс-шара барысында кеш қонағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеттің «Рухани жаңғыру және тәрбие» бөлімінің басшысы, тарих ғылымдарының кандидаты Анарбай Қайрат Сапарханұлы Елорда жайында тың деректермен таныстыра отырып, елорданың шығу тарихы, өсу — өркендеу кезеңдері жайлы толық мағлұмат берді. Астананың көрікті орындары жайында бейнеролик дайындалып, көрікті де әсем жерлері таныстырылды. Кітапхананың белсенді жастары Елорда қаласының құрметіне ән мен жырдан шашу шашты. Кеш соңында кітапхана директоры Раушан Бабажанқызы келген қонақтарға алғыс айта отырып, шараға белсенді қатысқан оқушыларды Алғыс хатпен, Грамоталармен марапаттады.

«Артқа