Ел рәміздері – Ұлт рухы

Қазақстан Республикасының Рәміздері күніне орай, «Ел рәміздері – Ұлт рухы» атты патриоттық кеш өтті. Іс-шарға зиялы қауым өкілдері, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланының 6698 әскери бөлім сарбаздары қатысты.

Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранымен бастау алды. «Қазақстанның мемлекеттік рәміздерінің мәні мен тарихы» тақырыбындағы бейнеролик көрсетіліп, тарихи деректерден ақпарат берілді.

Мемлекеттік нышандар туралы ҚР Ұлттық Ұланының 6698 әскери бөлім сарбаздары Маскау Айдын, Тұқан Әділет, Сағатбекұлы Дарын, Қыдыров Данияр, Өміршенов Мирас ақындар Несіпбек Айтұлының «Отан», Ұлықбек Есдәулеттің «Қазақстан», Бөкен Қазбектің «Рәміздерім – ұлттың басты нышаны» өлеңдерін оқып, Рәміздерге деген құрметтерін жеткізді.

«ҚР Қарулы күштерінің ардагерлері» РҚБ Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, полковник Серікбай Онбаев, ҚР Ұлттық Ұланының 6698 әскери бөлімінің тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмыстар жөніндегі бөлімшесі бастығының аға көмекшісі Шынжігітова Малика, әскери бөлімнің взвод командирі Е.Оралов мемлекеттік нышандар туралы әңгімелеп, жастарға париоттық рух беріп, ой-пікірлерімен бөлісті.

Сазгер, әнші Үсіпалиев Нұртай, ҚР Ұлттық Ұланының 6698 әскери бөлімінің сарбазы Дауылбаев Бағжан әуезді ән шырқап, қатысушыларға ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады.

«Артқа