Ерен Елбасы – Кемел Көшбасшы

1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президент күніне орай «Ерен Елбасы – Кемел Көшбасшы» атты көркем – суретті кітап көрмесі ұйымдастырылып, «Жырға қостым атыңды Нараға деп» атты мәнерлеп оқу шарасы өтті.

Іс-шараға Ақпан батыр атындағы №10 мектептің 4 «а», 4 «б», 4 «в» сынып оқушылары, «Аққу» көркемсөз оқу курсының оқушылары қатысты. Мемлекеттік әнұран орындалып, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірбаяны мен саяси еңбек жолы, кітаптары туралы мағлұматтар бейнероликтен көрсетіліп, жасөспірімдер тың ақпараттармен қанықты. Оқушылар Елбасы Н.Назарбаевтың қанатты сөздерін, арнауларды, Отан, туған жер туралы «1 желтоқан – Тұңғыш Президент күні», «Елін сүйген Елбасы-Нұраға», «Нұр-ағаның нұрлы жолы», «Отан туралы», «Туған еліме», «Менің елім» т.б. өлеңдерді жатқа оқыды. Сондай-ақ, Тұңғыш Президент күніне арналған шараға белсенді қатысқан жасөспірімдерге Алғыс хат табыс етілді.

«Артқа