Еңбеккер бейнесінде

Бүгінгі Еңбеккер бейнесінде айдарының кейіпкері Раушан Бабажанқызы Бабажанова.

Раушан Бабажанқызының кітапхана саласын дамытудағы жұмыс тәжірибесі орасан зор. Өз саласындағы қойылған жоспарларды жүзеге асырып, өзіне сеніп тапсырылған қызметтік міндеттерін адал, әділ де сапалы атқаруда, кадрларды іріктеу мен орналастыру кезінде қызмет этикасы нормаларының бұзылуына жол бермейтін басшы.

Республикалық және жергілікті басылымдар беттерінде кәсіби бағыттағы мақалалары жиі шығып тұрады.

Р.Б.Бабажанова Қазақстан Республикасы Президентінің «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалі, ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасының «Кітапхана ісінің шебері» төсбелгісі, Қазақстандық Кітапханалық Одақтың «Қазақстанның Құрметті Кітапханашысы» төсбелгісі, «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл» медалімен және Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Қазақстан Республикасының кітапханашылар Ассоциациясының, ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасының, Шымкент қаласы әкімдігінің, Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімдігі аппаратының, Түркістан облыстық мәдениет басқармасының, Шымкент қалалық ақын-жазушылардың «Қаламгер» әдеби бірлестілі мен «Мирас» қоғамдық кеңесінің, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ның алғыс хаттарымен марапатталған.

Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасы кітапханашыларға арналған халықаралық, республикалық, облыстық ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарларға, форумдар мен конгрестерге қатысып, көптеген сертификаттар мен куәліктер алды.

Бір сөзбен айтқанда, табысты жетекшілік ететін бұл мекеме уақытпен қатар жүріп, кітаптарға деген қажеттілік пен сүйіспеншілікті тынымсыз дәлелдейді.

Раушан Бабажанқызы, Сізге зор денсаулық, шығармашылық әлеует және Қазақстанымыздың игілігі үшін жемісті жұмыс атқаруға шын жүректен тілектеспіз!

«Артқа