Жазушы беделі – ұлт беделі

Жазушы-журналист Серік Жанәбілдің 70 жасқа толуына орай «Жазушы беделі – ұлт беделі» атты мерейтойлық кездесу кеші өтті. Салтанатты кештің шымылдығы жазушының өмір жолындағы естелікке толы. «Серіктің серке жолы» атты бейнебаянымен ашылды. Кеш қонақтары жазушы Сабырбек Олжабай, ақын Нұрқасым Омарбеков, журналист Ерсұлтан Әмірбек және ардагер-ақын Сәрсенбаев Омархан кеш себепкеріне құттықтау лебіздерін арнап, жасаған ерен еңбектерін ортаға салып, ғибратқа толы шығармаларымен бөлісті. Іс-шарада Орталық Азия Инновациялық Университетінің студенттері жазушының «Әке»,«Аққулар ұйықтағанда», «Алтын жүзік» шығармалары жайында өз ой-пікірлерін ортаға салып, әдеби талқылады. «Нұрсәт» өнер мектебінің оқушылары ән мен жырдан шашу шашып кештің шырайын кіргізді. Кеш соңында белсене қатысқан оқырмандар марапатталып, мерейгерге кітапхана атынан сый-сияпат табысталды.

«Артқа