Жазғы демалыс — Кітап аралында

Жаз мезгілінде баланың пайдалы жұмыспен айналысуын, балаларды кітапханаға тартып, жазғы бос уақыттарын ойындар мен кітаптар арқылы ұйымдастыру мақсатында құрылған «Жазғы оқу» бағдарламасы аясында кітапханалық жазғы лагерь өз жұмысын бастады. Ақпан батыр атындағы №10 жалпы орта мектебінің бүлдіршіндеріне «Жазғы демалыс – Кітап аралында» атты әдеби – ринг ұйымдастырды. Балалардың ой-өрісін кеңейтетін ойындар ойнатылды, «Қазақ батырлары» атты аннимациялық фильм көрсетіліп, қазақтың дәстүрлі «Асық» ойыны, «Арқан тартыс» ойындары, «Біз жүйрікпіз, шапшаңбыз!» атты эстафеталық жарыс ұйымдастырылды. Шара соңында әдеби рингке белсене қатысып өзінің ой зеректігімен алғырлығын көрсеткен оқырмандарымызға кітапхана атынан Алғыс хатпен естелік сыйлықтар ұсынылды.

«Артқа