Жасырын камера: «Біз сізді іздейміз!»

Сүйікті қаламыздың кітапқұмар жандардың кітап оқып отырған сәтін тосын түсіріп, кітап пен кітапханаға деген қызығушылығын ояту мақсатында ұйымдастырылған Жасырын камера: «Біз сізді іздейміз!» акциясының «Біз Сізді таптық…» тақырыбында қорытындылау кеші өтті. Оқырман кейіпкерлерден бөлек аталмыш шараға №5 «Жеңіл өнеркәсіп және сервис» колледжінің студенттері, белсенді оқырмандар қатысты. Іс-шара басында жыл бойы түсірілген жасырын суреттерден фото-слайд көрсетіліп, қызықты бейнеролик ұсынылды. Сонымен қатар, «Авторын тап…», «Өлеңді өрнекте» атты танымдық викторина ойнаталып, аталмыш акция аясында ең қызықты және мазмұнды шығарманы оқыған кейіпкер оқырмандарды мараппатау рәсімі өтті. Кеш соңы сазды бағдарламаға ұласып, белсене қатысқан оқырмандар Алғыс хаттармен марапатталды.

«Артқа