Жауқазын жүрек жырлайды

«Жауқазын жүрек жырлайды» поэзия кеші Сирия мемлекетінен келген балалармен өтті. Шет елден Ата жұртына оралған балалар ұлы ақын Абай Құнанбайұлының, ақын Қадыр Мырза Әлінің, ақын Мұқағали Мақатаевтың, Махамбет Өтемісұлының өлең-жырларын естіп, рухани сусындады. Шараға қатысушы әрбір бала арман-тілектерін, адамдарға арналған ғибратты сөздерді қағаз бетіне түсіріп, «Мәуелі Бәйтерек» құрастырды. М.Әуезов атындағы ОҚМУ магистр-оқытушысы Аққу Қоныспаева бастаған жас таланттар тобы әдеби композиция, №26 мектеп оқушысы Б.Темірхан күмбірлеген күй, кітапхана қызметкерлері патриоттық әндер шырқап, Сириядан келген балалар тамаша көңіл күйде тарқады. Кітапханаға тіркеліп, көркем әдебиеттерді оқуға ықыластары ауды.

«Артқа