Жауһар жырды жүрегінде тербеген…

Қазақстанның халық ақыны Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына арналған «Жауһар жырды жүрегінде тербеген…» әдеби-сазды поэзиялық кешіне М.Әуезов атындағы ОҚМУ, «Парасат» колледжінің, №134 мектеп оқушылары қатысты.

Ақын, жазушы, «Әйел құпиясы» газетінің бас редакторы Фатима Жүнісова; Әдебиет жанашыры, журналист «Ақылдым» журналының редакторы Асия Жұлдызбаева; музыкант Гүлнар Сахова; Жас ақын Ақбота Бейбітбек көркемсөз майданында жазушыға тән ерлік, адалдық, ұлтжандылық, намысқойлық және адамгершілік секілді қасиеттердің биігінен көрінген ақын Фариза Оңғарсынованың шығармашылығы туралы әңгімеледі, арнауларын оқыды.

Шығармашылығындағы терең тебіреніспен жазылған, өмірдегі шынайы оқиғаларға негізделген туындыларынан кітапхананың белсенді оқырмандары ПИК 19-15-3к2 тобының студенті Таскулова Диана, 19-15-3к3 тобының студенттері Өмірбай Айбала, Дәрібай Ақнұр, Ордабек Нұрымжан, ПИК-17-15-3к1 тобының студенті Рысалы Аяулым, ПИК 18-15-3к3 тобының студенттері Оспан Дияс, Жақсылық Нұршат «Жыр – менің жалғыз тарланым» – әдеби композициялық қойылым ұсынды. №134 мектеп оқушылары Фариза Оңғарсынованың шындық, қайсарлық, адамгершілікке арналған өлең-жырларын оқып, ақынның поэзия әлемімен сусындатты.

Рухани-тағылымды кешті кітапханашы Таңшолпан Имантаева, ақын Гүлжайнар Қалдинаның «Фариза апа» өлеңімен қорытындылады.

«Артқа