Жаһанның жыр Жамбылы

Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай, 6506 әскери бөлімінде жыр алыбы, суырыпсалма ақын, қазақ халқының ұлы перзенті «Жаһанның жыр Жамбылы» атты ақпараттық сағат өтті. Кеш барысында сарбаздарға ақынның өмірі мен шығармашылығы жайында толық мағлұмат берілді.Сонымен қатар, қатысушылар Жамбылдың «Ленинградтық өренім!», «Аттан, батыр, ұрпағым», «Майданға хат» атты өлеңдерін жатқа оқып, патриоттық рухын көтеріп, ақынның шығармашылығына қызығушылық танытып жатты.

«Артқа