Желтоқсан тағылымы

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай, кітапхана ұжымы Б.Саттарханов атындағы мектеп-интернат-колледжінің студенттерімен бірлесе «Желтоқсан тағылымы» атты патриоттық кешін өткізді.Кеш шымылдығы «Көк тудың желбірегені» әнімен ашылып, кітапхана ұжымы 1986 жылғы оқиға тарихынан сыр шерткен «Желтоқсан ызғары» атты бейнеролик көрсетіп, қысқаша баяндама жасады. Аталмыш тақырыпта жасақтаған кітап көрмесіне шолу жасады. Колледж студенттері «Қайраттың тұтқындалуы» атты көрініс, «Желтоқсан жаңғырығы» тақырыбында әдеби-композиция ұсынып, қыршын кеткен жастарға арнау өлеңдерін оқыса, 6698 әскери бөлімінің сарбазы «Туған жер», «Аманат» әнін орындады. Кеш қонақтары: «Желтоқсан» ардагерлері – А.Дүйсемби, Ш.Шалаева 1986 жылғы елеулі оқиға туралы, елім, жерім деп жан тапсырған жастардың ерлігі, көзбен көрген оқиға барысы туралы әңгіме өрбітті.

Шараға қатысушылар жастар көкейлеріндегі сұрақтарға жауап алып, тұшымды мағлұматтарға қанықты.

«Артқа