Жырлайды жүрек, жаныңды тербеп

«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай жалпыхалықтық оқуға таңдалған «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы бойынша ақын Мұқағали Мақатевтың 90 жылдығына арналған «Жырлайды жүрек, жаныңды тербеп» Мұқағали оқулары өткізілді.

Кітапхана директорының орынбасары Гүлмира Жанысбекова, филолог, қазақ әдебиеті ғылым магистрі Жадыра Оразалиева, Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығыныің қызметкері, жас ақын Арайлым Мұраталиева қазылық жасап, жеңімпаздарды анықтады.

І орынды Silkway Халықаралық университетінің 2 курс студенті Балнұр Абдіқара, ІІ орынды Ақпан батыр атындағы №10 жалпы орта мектебінің 11«А» сынып оқушысы Шәкәрім Тәңірбергенов иеленді. Ал, ІІІ орынды Жігірген ауылы, Абай атындағы жалпы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Гүлсамал Досқара мен Silkway Халықаралық университетінің 2 курс студенті Гаухар Жұматаева өзара бөлісті.

«Артқа