Жүрегіне қаламын сүйеген

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, жазушы-журналист Сабырбек Олжабайдың 65 жылдығына арналған «Жүрегіне қаламын сүйеген» атты әдеби сазды кеш өтті. Жазушы-ақындар: Д.Танабай, С.Жанәбіл, С.Исақ, п.ғ.к,профессор Б.Ысқақ, Ж.Омарова атындағы №1 саз колледжі директоры Т.Қуандықов, «Оңтүстік Қазақстан» газетінің ұжымы және кітапхана оқырмандарының қатысуымен болған кеште С.Олжабайдың сатиралық, прозалық шығармалары талданып, өлеңдері оқылды. Қаламгер өмірі мен шығармашылық жолы қамтылған видеоролик көрсетіліп, қаламдастар талантты журналистің әр түрлі қырынан сөйлеп, тартымды ой пікірлерімен бөлісті. Әнші-сазгер Сыдық пен Сәжида Қынат, Т.Қуандықовтың домбырамен әуелете шырқаған әндері оқырмандардың ерекше ықыласына бөленді. Кеш соңын қорытындылаған директор орынбасары Г.Жоламанова кеш иесі С.Олжабайдың шығармаларының маңыздылығына тоқтала келе, кеш иесіне сый-құрмет көрсетті. Белсене қатысушылар «Алғыс хатпен» марапатталды.

«Артқа