Жүректегі жалын

«Жүректегі жалын» атты әдеби-сазды кеш, жас суретші, қолөнер шебері, ақын Тұрсынай Қайратқызы, жас ақын Салтанат Мадиярқызы, Республикалық «Шарапат» шығармашыл жастар байқауының бас жүлде иегері, аудармашы Мейірхан Мейрамбекұлының шығармашылығына арналды.

Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, ЖОО, колледж студенттері, мәдениет саласының қызметкерлері, №6506, №6698 әскери бөлім сарбаздары, БАҚ өкілдері қатысты.

Кеш шымылдығын «Қазақ тобы» әуезді әнімен, «Шабыт» би тобы әсем биімен ашты. Жыр сүйер көпшілік Тұрсынай мен Салтанаттың лирикалық өлеңдерімен, Мейірханның көркем аудармаларымен рухани сусындап, шығармашылықтарына тәнті болды.

Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқарма басшысының м.а. Ғ.Шарафиева құттықтап, рухты, талантты жас ақындарға шығармашылық шабыт, толағай табыс тіледі. Басқарма атынан Алғыс хат табыстап, сый-сияпат ұсынды.

Қазақстанның Құрметті журналисі, жазушы-драматург Захардин Қыстаубайұлы, Физули атындағы сыйлықтың иегері, ақын Құрал Көмек, айтыскер ақын Анар Жаппарқұлова,Отырар ауданы әкімшілігі, Түлкібас аудандық ОКЖ өкілдері, кітапхана директоры З.Парымбекова құттықтап, ізгі ниеттерін жеткізді.

«Артқа