Жүректерге сәуле сіңірген

Қазақ әдебиетінде жыр арғымағының желісі бөлек сыршыл ақын – Н.Бегалыұлымен «Жүректерге сәуле сіңірген» атты тікелей эфирде онлайн-сұхбат өтті. Сұхбат барысында әлеуметтік желі қолданушы оқырмандар мен көрермендер ақынның жүрекжарды әңгімесін тыңдап, шығармашылығымен етене танысты, сұрақ қою арқылы пікір алмасты. Сыршыл ақынды өздеріне пір тұтатын жас студенттер ақынның шығармашылығына деген ерекше құрметтерін де жеткізді, тілектерін арнады. Ақындық өнерге қалай келгендігі, қазақ поэзиясында «табиғат жыршысы» деген атпен танылуының сыры неде екендігі туралы сыр бөлісті.

Жастар үшін үлгі-өнеге бола білген сұхбат көрермендер жүрегіне жетті деп ойлаймыз. Өмір жасыңыз ұзақ болсын, – деген тілекпен тікелей эфир өз мәресіне жетті.

«Артқа