Жүрек жылуы

3 желтоқсан – Халықаралық мүгедектер күні орай, мүмкіндігі шектеулі жандарға жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске атсалысу мақсатында кітапхана ұжымы №5 ТО арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында «Жүрек жылуы» атты іс-шара өткізді. Орталық демалушыларына арнайы «Мен даланың ұлымын» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, таныстырылды. Қатысушыларға арнайы көңілді бағдарлама ұсынылып, қызықты викториналық ойындар ойнатылды. Белсене қатысқан орталық демалушылары шара соңында марапатталып, сый-сияпаттар табысталды.

«Артқа