Жұлдыз шашқан жырлар

«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай таңдалған «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы бойынша «Жұлдыз шашқан жырлар» поэзия кеші өтті. Кеш қонақтары ақын Дәркен Танабаев, Ақбота Бейбітбек «Поэзия» жанры бағытында таңдалған авторлар шығармашылығынан әңгіме өрбітті, өлеңдер оқыды.

Кітапханашылар Мұқағали Мақатаевтың «Өмірдастан», Жұмекен Нәжімеденовтің «Менің Қазақстаным», Ұлықбек Есдәулеттің «Киіз кітап», Серік Ақсұңқарұлының «Көкейімде Күлтегіннің жазуы», Тоқтарәлі Таңжарықтың «Түн парақтары», Бақытжан Қанапияновтың «Достояние души» кітаптарына енген өлеңдерінен бейнеролик дайындап, библиографиялық шолу жүргізді.

Белсенді оқырмандар, №87, №132 мектеп оқушылары, белгілі қаламгерлердің шығармаларынан әдеби композиция ұсынды, М.Мақатаевтың әндері шырқалды.

«Артқа