Кемел білімнің кәусар бұлағы – Кітапхана

1 қыркүйек – Білім күні. Білім күні-мерекесінің қоғамда алатын орнын көрсету, мерекелік көңіл-күй орнату, балалардың мектеп туралы түсініктерін кеңейту мақсатында кітапхана ұжымы мектеп оқушылары үшін «Кемел білімнің кәусар бұлағы – Кітапхана» тақырыбында ашық есік күнін ұйымдастырып, кітапхана ішінен арнайы сынып бұрышын жасақтап, алғашқы ашық сабақтарын кітапхана ішінде өткізді. Іс-шара барысында білім көрмесі ұйымдастырылып, «Есімізде ме?» тақырыбында кітапханашының ашық сабағы өтті. «Алғашқы қоңырау» әніне көңілді би жарысы, қызықты логикалық жарыстар мен «Әжемнің ертегісі» айдары бойынша ертегілер еліне саяхат жасалды. Қызықтырған көптеген сұрақтарға жауап алды. Балаларды алғашқы қоңырау – білім күнімен құттықтап, кітапхана ұжымы дайындаған сыйлықтарды тарту етті.

«Артқа