Кемел ойлы, кемеңгер жазушы

Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының бастамасымен жасөспірімдер кітапханасында көрнекті тұлға, талантты қазақ жазушысы, драматург және аудармашы, Колумбия университетінің лауреаты, Жазушылар одағының мүшесі, Дүниежүзілік өнер және мәдениет академиясының академигі Роллан Шәкенұлы Сейсенбаевтың 75 жасқа толуына орай ұйымдастырылған «Кемел ойлы, кемеңгер жазушы» атты кездесу кеші өтті. Кеш қонақтары мәдениет басқармасының «Мәдени және тарихи мұраны сақтау» бөлімінің маманы Динара Серікқызы, Ш.Қалдаяқов атындағы Түркістан облыстық филармонияның дәстүрлі әншісі Нышан Төлегенов, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Қайрат Анарбаев, жас Абайтанушы Әзімхан Исабек болды. Іс-шарада «Біздің Роллан» атты бейне фильм көрсетіліп, «Әлем күйреген күн» әдеби-композиция ұсынылды. Кеш қонақтары Н.Төлегенов, М.Жаңбырбаев Абайдың «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем, Қаламқас!» әндерін бірлесіп орындап оқырманды тәнті етті.

«Артқа