Кемел таланттың кең тынысы

Жазушы, журналист, К.Тоқаев атындағы әдеби сыйлықтың иегері, «Құрмет» орденінің иегері Ш.Орынбайдың мерейлі 70 жасқа толуына орай «Кемел таланттың кең тынысы» әдеби кеші өтті.

Кеш барысында жазушы Н.Ақыш, журналист Т.Байтасов қарымды бейнеролик арқылы қаламгерге ыстық лебізді құттықтауларын ұсынды. Ақын-жазушылар Т.Төрегелдиев, С.Исақ детектив жанрының майталманы, санқырлы Ш.Орынбайдың шығармашылығы жайлы әңгіме өрбітті.

ОАИУ, ОҚМПУ, ШУ, Шымкент Жоғарғы педагогикалық колледжі, М.Тынышпаев атындағы ҚАЗАТК студенттері Ә.Сәтбаева, М.Үсенұлы, Г.Қалдаш, М.Жарылқасынқызы, Қ.Лесбек, Ә.Жайлаубай, А.Тұрлыбаева, Ж.Тұрдали, Қ.Әбілдақызы, М.Матлап «Саңырау құлақ», «Тозаңды терезе», «Түрмеге түспейтіндер», «Замана ертегілері» т.б. кітабын саралап, шығармаларындағы басты оқиға желісі мен кейіпкерлері туралы әңгімелеп, өз ойларымен бөлісті.

Ш.Орынбай әдеби шығармашылық жолы, тарихи, шытырман оқиғалы кітаптары туралы айтып, оқырмандар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Шымкент Саз колледжінің «Дәстүрлі ән» бөлімінің студенттері Абылайұлы Нұртуған, Арысбай Мұқасан, Тоқмырза Мұқаметжан мерейгерге арнау өлеңдерін айтып, әуезді әндер шырқалды.

«Артқа