Кемеңгерлік болмыспен көш бастаған

1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президент күніне орай Ақпан батыр атындағы №10 жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасында «Кемеңгерлік болмыспен көш бастаған» тақырыбында тарихи танымдық сабақ өткізілді. Іс-шара барысында Мемлекеттік әнұран орындалып, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының саяси еңбек жолынан үлгі ала отырып, Отанын, халқын сүюге, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу, өскелең ұрпақтың жүрегінде Елбасына деген сүйіспеншілік сезімін, құрметін арттыру мақсатында Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірбаяны туралы мағлұматтар беріліп, «Елін сүйген – Елбасы» тақырыбында бейнеролик көрсетілді. Мектеп оқушылары Елбасы Назарбаевқа арнау арнап, қанатты сөздерін жатқа айтты. «Біздің бірінші Президент» атты әдеби композициясы ұсынылып, «Қазақ елі» өлеңдері шырқалды. Сондай-ақ Тұңғыш Президент күніне арналған шараға белсенді қатысқан оқушылар Алғыс хатпен Грамоталармен марапатталды.

«Артқа