Кітапханаға кітап сыйла!

14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күніне орай халықтың рухани байлығын дамыту, оқу мәдениетін жақсарту мақсатында кітапханамыздың тұрақты оқырмандары үшін ұйымдастырылған «Кітапханаға кітап сыйла!» акциясы өз жалғасын табуда. Акция аясында белсенді оқырмандарымыз Орынбаева Алтынай, Тельхерев Ренгольд, Маслеева Светлана, Алтай Аяулым, Асылов Шағдат кітапханаға құнды кітаптарды сыйға тартса, кітапханашылар қаламыздың қоғамдық орындарын аралап, қала тұрғындарына мерекеге байланысты кітап ұсынды.

«Артқа