Кітапхана-білім, ғылым және мәдениет орталығы

«Кітапхана-білім, ғылым және мәдениет орталығы» жобасы аясында көркем шығармаларды талдау түрлері, көркем мәтіннің композициясын зерттеу амалдары тақырыбында әдеби-танымдық сағатын өткізді. Зерттеу нысанына алынған «Абай жолы» романы бойынша студенттердің белсенді қатысуымен әдеби-теориялық талдаулар жүргізіліп, әдеби терминдер: композиция, сюжет, фабула бойынша толыққанды мағлұматтар алынды. Әдеби-танымдық сағатқа Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Орта Азия инновациялық университетінің филология мамандығы студенттері қатысты. Студенттерге көркем шығарманы талдау мен бағалаудың жүйелі ғылыми негіздерін айқындауға әдеби – теориялық бағыт берілді.

«Артқа